ТАРАЗДА ҰЛТТЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛАДЫ
Таразда жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Осы орайда Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ЖО әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен семинар өтті, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Елімізде су шаруашылығы саласындағы маман тапшылығын жою – маңызды мәселенің бірі. Оның айқын көрінісі Тараз қаласында су шаруашылығы және ирригация университетінің құрылуы. Оқу орны биыл 1 қыркүйекте төрт мыңға жуық студент қабылдап, өз жұмысын бастайды. Айта кетейік, биылғы сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы қалпына келтіру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.
-Міне, университеттің бөлінуіне байланысты барлық соңғы іс-шаралар бұл су шаруашылығы мамандарын дайындауда жүзеге асырудың осы стратегиялық міндетін шешу. Сондықтан, менің ойымша, кадрларды дайындау және сақтау перспективасы бізде әлі де бар, олар бізге бүгінгі күнге дейін осы мәселені шешуге көмектеседі-, Михаил Сенников «Су ресурстары» кафедрасының профессоры.
Айта кетейік, ҚазҰСШИУ-да “Су шаруашылығы және мелиорация”, “Геодезия және картография”, “Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс”, “Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері”, “Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар” атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі. Сондай-ақ 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15 орын бөлінген. Ескере кететін жайт бұған дейін Тараз өңірлік университетінде факультет ішілік болған мамандықтар енді салалық университетте жаңа бағытта оқытылады.