BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARАймақ

«СЕМСЕРДІҢ ЖҮЗІ» – БАБАЛАР ІЗІ

Белгілі ғалым, жазушы-журналист Меңдібай Әбілұлының «Сұр жебе» роман-эпопеясының «Семсердің жүзі» деп аталатын екінші кітабы Тараз қаласындағы «Формат-Принт» баспасынан басылып шығып, оқырмандарға жол тартты. Романда сақтардың тарихи тұлғалары Алып Тарғытай, Алып Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Арсақ патша, Алып Ішбақай, Орталық Азиядағы қазақ түркілерінің ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін Түнқатар қаған, Үркіт қаған, абыз Күлік, Аспан қария, Құлан жырау, Кәуке қария, тағы да басқалар туралы әңгімеленеді. Сонымен бірге тотемдік ұғымдарға байланысты туған аңыздар, мифтік ертегілер, өлең-жырлар да таным көкжиегін кеңейте түседі, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Романда көне дәуірлердегі сақтардың тұрмыс-тіршілігі, келіннің бетін ашу, бәсеке күй, күй тартысы, көктен түскен сый,  көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін кітап-ауызша шежіре  туралы баяндалады. Оқырмандар көне дәуірден бері халық жадында сақталып, ұлттық құндылықтарымыздың қазынасы болған  салт-дәстүрлерімізбен таныса алады.Үш бөлімнен тұратын «Семсердің жүзі» романында баяндалатын оқиғалар үнемі оқырманын жетелеп отырады. Жазушы оқырманын жалықтырып алмауы үшін әр бөлімді жеке-жеке тақырыптарға бөлген. Кітап авторы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ежелгі сақтардың салт-дәстүрі, ырым-тыйымдары, тұрмыс-тіршілігі туралы көп деректер береді. Сонымен бірге ежелгі ата-бабаларымыздың жорыққа мінетін жүйрік аты-түйекиік, қазір жоғалып кеткен қыран құс -шыңырау туралы оқиғалар қызықты баяндалады. Әсіресе шыңырау қыранға арналған «Шыңырау» күйінің шығу тарихы, сақ сарбаздарының әскери анты, сақ сарбаздарының мұз үстінде діттеген жеріне жылдам жетуі үшін ойлап тапқан жылқының алдыңғы аяғының сүйегінен жасалған мұзтабан (коньки), күй айтысы мен бәсеке күй жарысы туралы қызықты деректер келтіріледі.

Біз келін түскенде жасалатын беташар дәстүрін білеміз. Келінге келін болып түскен әулеттің игі жақсыларын, қайын атасы мен енесін, тағы да басқа туыстарды таныстыру және беташатын ақынның өлең-жырмен, қара сөзбен айтылатын ақыл-өсиетін тыңдағанбыз. Ал беташардың түп-төркінін толықтыратын болсақ былай екен. Беташар – дәстүрімізде келіннің «өліп-тірілу» рәсімі деп аталады екен. Келін қалай «өліп-тіріледі?». Сонымен бірге жылқы туралы аңызда баяндалатын қызықты оқиғалар-тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтап қалған ат екеніне көзіміз жетеді. Ұлан ғайыр атырапты  мекен ететін кең байтақ жеріміздің арасы 3-4 мың шақырымға жетеді. Ежелгі дәуірде ата-бабаларымыздың бірден бір көлігінің ат болғаны  белгілі. Көшпелі қассақтар бір-бірімен атпен қатынасқан. Жеті атаға дейін қыз алмайтын дәстүр болғандықтан ержеткен жігіттер келіншекті алыстағы қазақ тайпаларынан алып келген. Сөйтіп тіліміз бен салт-дәстүріміз сақталып қалған. Міне, осы дәстүрді баяндайтын жылқы туралы аңыз романда қамтылған. Сонымен қатар романға «көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін» кітап-шежіре туралы да аңыз енгізілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *