МАТЕМАТИКА ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Таразда «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен республикалық білім сайысы өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің 10 өңірінен жыл бойы математикалық қабілеттерін шыңдаған 700-ге жуық бала қатысқан, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
- Басты мақсатымыз оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, халқаралық олимпиадаларға дайындалу. Білім сайысының басты ерекшелігі «Жүздік бақылау және жүз балдық бағалау жүйесі» бойынша өтуі. Бұл жүйе шетелдерде кеңінен қолданылады. Ол оқушыға талдау жасау үшін көп мүмкіндіктер тудырып, білім алушылардың нақты білім деңгейін айқындап береді» , – дейді «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбек
Зерделі Олимпиадалық академиясының мақсаты оқушылар арасында математикаға қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру болып табылады. Ал «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбектің айтуынша, бәсекеде топ жарып, жеңімпаз атанған оқушыларға Iphone ұялы телефондары мен басқа да бағалы сыйлықтар табысталады.
- Кім мықтыдан кім мықты деген сияқты бұл жерде Қазақстанның намысын қорғауға Америкаға кетіп бара жатқан тараздық оқушымыз бар, Өзбекстанның халықаралық олимпиадасынан бас жүлде алып келген оқушымыз отыр. Сондықтан әр өңірден мықты деген балалар Тараз қаласына келіп, 3-4 күндік бір жағы лагерь, бір жағы есеп шығару жарысы балалар үшін үйрену де демалыс та болды деп айта аламыз, – дейді «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбек
3, 4, 5 сынып оқушылары арасында өткен сайыс Тараз қаласында алғаш рет өткізіліп отырған ең ауқымды жобалардың бірі,- дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ аталмыш байқауда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, әйгілі математик Асқар Жұмаділдаев пен өзге де белгілі
Жекеше жарыс математикадан болды. Мен оған бір жыл дайындалып, айфон ұтып алдым, – дейді Жеңімпаз Аманбай Иманғали
Айта кетейік «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің негізі 2014 жылы қаланған. Мектеп 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы ұстаздар республика көлемінде педагогтерге семинар-тренингтер өткізіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға зор үлес қосып келеді.