БАСПАНА БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
Екінші деңгейлі нарықтағы тұрғын үй бағасы арзандай бастады. Бағаның төмендегені әсіресе соңғы 3 айда байқалып отыр. Маусым айының өзінде екінші деңгейлі нарықтағы баспана 0,5 пайызға түскен. Әзірге 6 ірі қалада арзандап отыр. Басқа өңірлерде өзгеріс жоқ. Десе де мамандар Тараз қаласында да баспана бағамы 10-15 пайызға төмендеді деп отыр. Толығырақ тілші тарқатады.
Ресми мәліметке сүйенсек, еліміздің 14-ірі қаласында жаңа құрылыстар бұрын салынған үйлерден арзанырақ екен. Маусымдағы құлдыраудан кейін ең арзан үйлері бар қала тізімінде Таразда енген. Бізде бір шаршы метрі 293 900 мың теңге басталады деп көрсетілген. Бұл орайда тұрғын үй бағасына қатысты халықтың пікірін де білген едік.
– Қазір енді түсіп жатыр дейді. Әлі де қыйын ау қолжетімді емес.Мен ауылда тұрам, бірақ жастарға қолжетімді емес.
– Тұрғын үйдің бағасы қолжетімді деп айта алмаймын қымбат қой енді .
– Қымбат қазіргі заманға сай емес. Табысымыз да сай емес.
Былтыр біздің өңірде ескі тұрғын үйдің бір шаршы метрі 280-350 мыңға дейін жеткен. Ал биыл 200-250 мың теңгеге дейін түсіп отыр. Себебі, . Дәл қазіргі кезеңде жеңілдетілген ипотекалар да жоқ. Ал халықтың 80 пайызы баспананы ипотекаға рәсімдейді.
– Бағаның төмендеуінің басты себебі – біріншіден, жеңілдікті ипотеканың жоқтығынан сұраныстың төмендеуі, екіншіден, тұрғындардың қолы жетпейтін ипотека. Яғни, ай сайынғы төлем өте жоғары. Яғни, облыстағы орташа отбасы үшін екі адам жұмыс істесе де, бұл өте үлкен төлемдер. 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін біздің облыс тұрғындарының төлеуге мүмкіндігі жоқ, өкінішке орай. Бұл басты себептердің бірі,-дейді «Оңтүстік» жылжымайтын мүлік агентігінің директоры Александр Пак.
Десе де жалпы республика бойынша жаңадан созылған үйлер өткен айда 0,2%-ға қымбаттаған. Сондықтан бұрын бой көтерген тұрғын үйлерге сұраныс жоғары. Бірақ олардың бағасы да орналасқан жеріне байланысты да құбылады. Мамандар сөзіне сүйенсек, биыл сату мен сатып алу көрсеткіші өңірде 3 есеге азайған. Мәселен, биыл 1 айда 700 үй сатылса. 2022 жылы 30 күнде 1200 азамат баспаналы болған.