BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ТОҚАЕВ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы мәслихаттардың азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау істерінде  маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың жұмысын күшейтетініне сенім білдірді.


Конституцияның 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткен консультация барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өз ұсыныстарын жеткізді.


Кездесу қорытындысы бойынша Президент айтылған пікірлерді ескере отырып, Конституция талаптарына толық сәйкес түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *