Ә.СМАЙЫЛОВ: «ЖАМБЫЛҒА ҚАРАЖАТ БӨЛУГЕ ДАЙЫНБЫЗ»
Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл жеріне арнайы іс-сапарымен келді. Бірінші кезекте Сарысу ауданындағы “ЕвроХим – Қаратау” кешеніне ат басын бұрды. Мұнда қазір екінші кезең шеңберінде минералды тыңайтқыштар шығаратын химия кешенінің құрылысы басталған. Қазірдің өзінде бұл жобаға Еуропа елдері мен АҚШ, Бразилия мемлекеттері қызығушылық танытып отыр. Толығырақ әріптесім Құралай Нұрланқызы айтсын.
«ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін іске асырды. тау-кен кешені негізінде жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіру жолға қойылды. қуаттылығы жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау торабы салынды. ЕНДІ Екінші кезеңде минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық кешеннің құрылысы басталды. Өндіріс қуаттылығы-жылына кемінде бір миллион тонна өнім. Бұл 1 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, 1200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
– Біздің технологиялық өндірістің арқасында Қазфосфат өндіретін фосфордан ерекшелігі бар тыңайтқыш өндіретін боламыз. Біз бұл тұрғыда бір-бірімізді толықтырмақпыз. Бұл өз кезегінде барлығына да пайдасын бермек. Қазір мен технологиялық операциялар жағынан ешқандай қиындықтар көріп тұрғаным жоқ,-деді Олег Ширяев, «еврохим груп» ақ президенті
Жобаны ” ЕвроХим Груп” акционерлік қоғамы қытайлық серіктестерімен бірге жүзеге асырып жатыр. Әлихан Асқанұлы аталған құрылыстың сапалы аяқталуы керектігін тапсырды. Премьер-Министр Үкіметтің химия өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондықтан жаңа ірі зауыттың өңірдің ғана емес, жалпы республиканың дамуы үшін де маңызы зор екенін баса айтты
– Біз ауыл шаруашылығы өнімдердің көлемін арттыру үшін шаруалардың калий,азот тыңайтқыштарын ала алуы үшін субсидия көленмін арттырмақпыз. Сондықтан сіздерде ішкі нарыққа сұраныс бар. Сондай-ақ, сыртқы нарықта бар. Қазір әлем бойынша минералды тыңайтқыштарға деген сұраныс өте жоғары. Бағалары да тез өсіп жатыр. Сондықтан жобаларыңыз өте жақсы,-деді Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі
Үкімет басшысы өңірдегі газдандыру мәселесіне де назар аударды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ыбырайхановтың айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытқа қосымша 14,7 млрд теңге қажет. Әлихан Смайылов өңірлерді газдандыру өте өзекті, сондықтан қажетті қолдау көрсетіледі-,деді.
– Жобаларыңызды біз қолдаймыз. Тиісті құжаттарды қаржы министрлігіне енгізіңіз. Біз қалыптасқан тәртіппен қарап, тиісті қолдауды береміз сіздерге,-деді Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі
Айта кету керек, премьер министрдің іс-сапары Шу ауданындағы «TAS Market» кремний кластері инвестициялық жобасы мен «Qazaq Soda» жүзеге асырып жатқан еліміздегі кальцийлендірілген сода шығаратын алғашқы зауыт құрылысында жалғасты. Сонымен қатар өңірдегі кәріз суын тазарту кешені жобасымен де танысып, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын кешіктірмеу бастауды тапсырды.