Storytelling

АСАРЛАТЫП АЛТЫНШЫ ҮЙ БЕРІЛДІ

Қордай ауданы Қаракемер ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы бір отбасы баспаналы болды. Облыста бірнеше жыл қатарынан іске асып келе жатқан жоба аясында 300 ден баспана берілген.

Баспана бақытын сезінген Күлсара Райымқұлова апайды құттықтауға жергілікті билік өкілдері арнайы барды. Бүкіл ауыл болып, іргетасын қалаудан бастап әр кірпішін алуға дейін атсалысқан Қаракемер ауылының ауызбіршілігіне, «Атымтай жомарттарына» алғысын білдірді.

– Бүгінгі күнге 6 үй беріліп отыр. Оның бесеуі сатып алу, біреуі күрделі жөндеу жұмысы арқалы. Нағыз асардың үлгісі Қаракемер ауылындағы осындай тамаша үй болып отыр. Бұл жаңа құрылыс. Ауыл болып, ел болып, Қаракемер ауылының азаматтары болып тамаша шаңырақ көтеріп отырсыздар,- Дамира Сүгірбай, Қордай ауданы әкімінің орынбасары

Мүмкіндігі шектеулі жұбайы бар Күлсара апай көзіне жас алып тұрып жалпы ауылдастарына, жиналған қауымға аналық батасын берді. Осыдан кейін салтанаты түрде үйдің лентасы қиылып, дәстүрге сай шашу шашылды. жалпы мамандар алдағы уақытта да талай отбасыға тұрғын үй кілті табысталады дейді.

– Тәрбиелік мәні бар асарлатып үй салу жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында 2020-2022 жылдары 338 отбасы баспанамен қамтылды. Ағымдағы жылы жалпы 105 тұрғын үйді салып, мұқтаж жандарға тарату жоспарда бар. Бүгінгі күнге 11 үй тапсырылды. Қалған 94 үйді жыл соңыеа дейін тапсырамыз,- Ғалым Исаков, Жамбыл облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

Айта кетейік, жаңадан салынған үш бөлмелі үйге газ-суы толық қосылған. Қоныс тоймен құттықтай келген қаракемерліктер сыйлықтарын да ала келіп, одан әрі де қолдау көрсететіндіктерін айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *