ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТТЕР ДРОН ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
Таразда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар өндірісі мен осы сала мамандарын оқыту ісі қолға алынбақ. Бүгін қытайлық «StarmachTechnology»компаниясының президенті Лю Шидонг Тараз жеріне келді. Компания Дулати университетінде студенттерге ұшқышсыз ұшу құрылғыларын таныстырды , – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Қытайлық Zhejlang Starmach Technology компаниясы негізінен дрон шығарумен айналысады. Бүгінде аталмыш компания бірқатар елде өзінің технологияларын ендіріп дрон жасау технологияларын оқытуда. Бүгінгі көрме аясында Дулати университеті мен Starmach Technology компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.
- Осы М.Х.Дулати университетіне қытайдың ұшқышсыз ұшатын аппараттарының технологиясы келеді. Осы технология бойынша біздің университетте өндіріс ашылмақ. Сол өндіріс орнына біз дрондармен жұмыс жасайын мамандар даярлайтын боламыз-, дейді Сейітжан ОРЫНБАЕВ М.Х.Дулати атындағы Тарөу Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры.
Шара барысында компания өкілдері өз өнімдерін таныстырып, ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды іс жүзінде көрсетті.
Бүгінгі көрмеге біз арнайы көзілдірікпен басқарылатын FPV дрондарымызды және басқа да ұшқышсыз ұшу құрылғыларын алып келдік. Қазіргі уақытта меморандумда болашақ инженерлерді өндірістерде және одан әрі дрон операторларын оқыту үшін Қытайдан мамандар шақырылатыны көрсетілген. Ал студенттермен алмасу мәселесі әзірге қарастырылуда-, дейді Лю ШИДОНГ «ZHEJLANG STARMACH TECHNOLOGY CO.LTD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл келісім өңірдің цифрлық саласының дамуына және дрон құрылғыларын енгізу арқылы түрлі секторлардағы жұмыс жүйесін оңтайландырылатынына семіміз мол дейді жауаптылар.