Storytelling

ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВКЕ-95 ЖЫЛ!

«Ақын-халық жүрегінде!». Осындай атаумен «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінде белгілі жазушы Ғафу Қайырбековтың 95 жылдық мерейтойына арналған квест ойындары өтті. Командалық сайысты ұйымдастырған облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы. Толығырақ сюжетте.

Ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың шығармалығын жас ұрпаққа таныту, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру дейді мамандар. Бүлдіршіндердің көңілі көтеріліп, әдебиет әлеміне сапар шегіп қайтқандай болды. Командалар құру арқылы балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеуде де берер пайдасы зор.

– Болашақ лагерьінде биылға бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бірақ тау самалы лагерьінде биылға екі рет ұйымдастырылды осы біздің лагерьдың атынан. Халық жүрегінде деп аталу себебі бұл кісінің шығармашылығының барлығы халыққа арналған. Алғашқы өлеңінің өзі ана туралы жыр. Оны барлығымыз бала кезден естіп, біліп, жаттап, өскенбіз. Сол себепті балалардың да, ересек адамдардың да жүрегінде деп ойлаймын,- Зарина Дүкенбаева, Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директорының орынбасары

Ғафу Қайырбеков еңбек жолын тілшіліктен бастаған. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шыққан. Қарымды қаламгердің шығармаларын балалар да өте жылы қабылдады. Жарыс соңында балаларға алғыс хаттар мен кітаптар табыс етілді. Олар ең бірінші кезекте демалыстарының қызықты ғана емес пайдалы әрі танымды өтіп жатқанына шын риза.

Айта кетейік, квест үш кезеңнен тұрды.Ребустарды шешу, қорапшадағы ойындар, жұмбақтарды шешу. Сондай ақ, балалар ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *