Storytelling

ПОЙЫЗ РЕЛЬСТЕН ШЫҒЫП КЕТТІ

Шу ауданындағы Аспара шойын жолындағы апаттан кейін 13 бағыттағы пойыздың қозғалысы тежелді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілген.
Аспара станциясындағы апат түнгі сағат 2-лер шамасында орны алған. «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткен. Жарақат алған вагон күзетшісі ауруханаға жеткізілген. Ал жергілікті билік жолда қалғандар азаматтарға су таратып, төтеншеліктер тарапынан жедел желіні іске қосқан.
– Жүк және жолаушылар пойыздары өз кестесінен сәл кешігіп келе жатыр. Халыққа, осы жердегі пойыз күтіп немесе келіп-кетіп жатқан азаматтарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Кезекшілікпен жұмыс істеуде,-дейді вокзал басшысы Дидар МҮСРЕТӘЛИЕВ.

Айта кету керек, апаттан 50 метрлік теміржол бүлініп, бірнеше электр бағаны зақымданған. Оқиға орнында қалпына келтіруші 2 пойыз бен 30-дан аса қызметкер жұмыс істеді. Ал желілік полиция қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша іс қозғаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *