Storytelling

2 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Шаһарда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл туралы бүгін құрылыс басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков брифинг барысында баяндады. Биыл салынып жатқан тұрғын үй саны артқан. Құны 13 млрд.теңгеге 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл қанша отбасы баспаналы болмақ? Тілші материалында.

Биыл бюджет қаражаты есебінен 280 пәтерлі 4 кредиттік тұрғын үйдің, жеке меншік инвестиция есебінен 324 пәтерлі 7 үйдің құрылысы аяқталмақ. Жалпы 304 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

– Облыс аумағында халықтың әлеуметтік осал топ өкілодерін және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 297 пәтер сатып алу жоспарлануда,-дейді Ғалым Исаков, жамбыл облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

– Мына мен тұрған ұлы дала ықшам ауданында 48 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрпылыс қарқынды. Сыртқы жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 2 564 пәтерлі 45 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, жеке меншік инвестиция есебінен 435 пәтерлі 14 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек,-дейді Құралай Нұрланқызы тілші

– 4 үй салынып жатыр. Әр үйіміз 45 пәтерден. Қазір бетонный жұмыстар жүріп жатыр. 70-80 ге жуық адам жұмыс жасап жатыр. Сапасына келер болсақ өте керемет. Біздің лабораториямыз бар. Тексеріп, қарап жүрген. Технадзорларымыз бар. Мерзіміміз осы жылдың аяғына дейін осы 4 үйді тапсырсақ па деп отырмыз Жамбыл облысы тұрғвндарына,-дейді Бақытжан Ғалымжан, құрылыс прорабы

Сонымен қатар, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында да биыл 105отбасы қоныс тойын тойламақ. Бүгінгі күнге 11 үй тапсырылса, қалған 94 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады,-декйді мамандар. Жалпы жоба басталғалы 338 отбасы баспаналы болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *