ТЕХНИКАЛАР ЖАҢАРЫП ЖАТЫР
Жамбыл облысында кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар қатары артып келеді. Олардың басым бөлігі ауыл және мал шаруашылығы саласы бойынша іс бастаған. Тиісінше мал азығын дайындау, күзгі жиын терім жұмыстарын сапалы атқару үшін жаңа техникалар қажет ақ. Өйткені өңірде кейбір техникалар 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.
Жамбыл облысы егістікке де мал шаруашылығына да қолайлы өңір. Сондықтанда жергілікті тұрғындар жеңілдетілген несие арқылы тұрмыс тікетеп отыр. Алайда жоғары өнімге қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы маңызды. Бүгінде облыста 12 659 дана техникалары тіркелген. Оның ішінде 4 570-сі трактор 1 мыңнан астамының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Яғни 25 пайызының тозығы жеткен.
– Осыған орай, биыл облыс бойынша 1 885 дана жуық ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, техникалардың жаңару көрсеткішін 15%-ға жеткізу жоспарланған болатын.Бүгінгі күні барлығы 907 дана (7 комбайн, 240 трактор және 660 дана басқа да техникалар) ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жаңару көрсеткіші 7,2%-ды құрады,- Нұрби Жігітеков, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Жалпы, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Яғни, инвестициялық субсидиялау арқылы шаруалардың шығындары өтеледі. Ол 25 пайызды құрайды. Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады. Қазіргі уақытта техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 222 өтінімге 592,9 млн. теңге субсидия төленіп отыр.