КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ ӘКІМ ТАРАЗИ – 90 ЖАСТА
Биыл қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Әкім Тарази 90 жасқа толады. Жыл бойы жалғасатын мерейтой шымылдығы бүгін Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада түрілді. Ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері басқосқан әдемі кеште заңғар жазушының шығармалары талқыланып, сара жолы ұрпаққа үлгі ретінде таныстырылды.
Әкім Әшімов 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өмірін қазақ әдебиеті мен киносының дамуына арнап келеді. Ұстаз ретінде де талай шәкіртке қанат бітірді. Жиынға арнайы келген әріптестері де талантты публицисттің сан-қырын жіпке тізді.
– Әкім тарази ағамыздың бергенін халыққа түсіндіріп беру де оңай шаруа емес. Ол үшін де Әкім таразидің шеберлігі сияқты шеберлік керек. Оның жүрегі секілді жүрек керек. Ал Әбекең соның барлығын жақсылап игерген адам,-дейді Елен Әлімжан, жазушы, драматург
Заңғар жазушының «Ақбердінің ауласы», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Мұстафа Шоқай» сынды шығармалары жарық көргеннен бастап көрерменнің жүрегін бірден баурады. Оқырмандар әдемі кештің куәгері болды. Жамбылдық ақын жазушылар сүбелі ойлары мен әдемі әңгіме өрбітті.
– Әкім ағаның ішкі дүниесінің тазалығы, табандылығы, ол өзі спортқа бейім адам болған. Толық адам ілімін үйренген адам болса Әкім аға. Көзі тірісінде бағалау керек адам болса ол Әкім Тарази,-дейді Үміт Битенова ҚР жазушылар одағының мүшесі
Кітапханада бастау алған бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасатын болады. Айта кетейік, бұл мерейтой тек өңірде ғана емес, республика көлемінде тойланбақ.