ӨҢІРЛЕРДЕ ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін үкімет отырысында егін жинау науқанына дайындық жұмыстары мен жемшөппен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша биыл қолайлы жағдай егін орағын уақытылы бастауға мүмкіндік беріп отыр.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң – 24 млн гектарға жеткен. Оның 18 млн-ға жуық аумағынан дәнді дақылдар жиналады. өз сөзінде Премьер-Министр егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Министрдің дерегінше, билы 3 мың гектардан майлы дақылдар жиналуға тиіс. Бүгінде өнімділігі гектарына 6,9 центнер болып, 34,0 мың гектардан жиналған. Министр биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылыққа және суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаға тап болғанын атап өтті.
– «Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінетін болады»,- дейді Әлихан Смайылов, ҚР премьер министрі