Storytelling

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

Елімізде «Мектепке жол» акциясы ертеңнен басталады. Яғни 1тамыз бен 30 қыркүйекке дейін жалғасатын іс-шарада әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар сыйға беріледі. Игілікті іске жеке кәсіпкерлер тартылмақ.

Акцияны өткізу кезінде облыстық, аудандық, қалалық ұйымдастыру комитеттері құрылады. Өткен жылы демеушілер есебінен 7 656 балаға 32 500 теңгеден 108 млн 308 мың теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, қажетті құрал жабдықтар мен киімдер берілген. Ал биылғы жоспарға келсек

– Осы жылдың шілде айының 21-23 күндері Сарысу ауданы Жаңатас қаласының Орталық базарында мектеп жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде мектеке қажетті құрал- жабдықтар және т.б тауарлар нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды,-дейді Айдын Досыбаева, Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Сондай ақ бірқатар санаттағы оқушылар үшін бюджеттен 48 671 балаға 40 567 мың теңгеден 1млрд. 974 млн. 436 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Бірретік мектеп фрмасын алуға. Бұл қаржы ата-аналардың жеке счеттарына 10 тамызға дейін жіберілетін болады.

– «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар атсалыса алады.Сонымен қатар, акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алатындығын хабарлаймыз,- дейді Айдын Досыбаева, Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Айта кетсек 5-26 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастыру жоспарланып отыр. Білім басқармасында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ата-аналардың өтініштері бойынша жедел желі телефондары жұмыс істейтін болады. Сондай ақ телефондар барлық білім бөлімдерінде де қызмет ететін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *