76 АУЫЛҒА ТАЗА СУ ҚАЖЕТ
Биыл Жамбыл облысында 54 сумен жабдықтау нысанының құрылысы басталған. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен 14 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Алайда, бұл істе кемшіліктерде жоқ емес. Облыстық Аманат партиясы жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесін туралы Құралай Нұрланқызы айтады.
Жамбыл облысы бойынша 76 елді мекен халқы таза ауыз судан тарығып отыр. Бұл мәселе турасында энергетика басқарамасының өкілі биыл облыста 47 нысанның құрылысы жыл соңында аяқталады дейді. Ал 7 нысан құрылысы 2024 жылдың еншісінде. СОнымен қатар 2025 жылы Ауыл және қала тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамту көзделіп отыр.
– Ағымдағы жылы қуатты өңірлер ел дамуының драйвері ұлттық жобасы аясында 55 елдімекенде құрылыс жұмыстары, халық саны аз 7 елді мекенге жөндеу жұмыстары немесе кбм орнату жұмыстары жүргізілуде. 2024-2026 жылдарға республикаолық бюджеттің қалыптастырылуына жалпы құны 23 млрд тг құрайтын 30 жоба ұсынылды,-дейді Ермек Карентаев жо энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары
Алайда облыстық Аманат партиясы өкілдері жүргізген зерделеу жұмыстары кезінде кемшіліктер анықталған. Мәселен, Бесағаш, Түркісіб елді мекендеріндегі кұрылыс жұмыстары уақытында аяқталмаған. Жоспардан 1,5 айға кешігіп тапсырған.
– Шынымен де ол құрылыс созылып кетті. 2022 жылы берілу керек еді. Бірақ мердігердің проблемалары көп. Ол қара тізімдегі мердігер. Ақшаны тауып ол мердігер құрылысын аяқтап жатыр. Екі обьекте де жүргізіліп жатыр. Бесағашты бітейін деп қалды. 98 пайыз жұмыс аяқталды,-дейді Ермек Карентаев жо энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары
Жалпы облыста бүгінгі күнге дейін 290 ауыл таза сумен қамтылған. Сала мамандары жыл соңына дейін жоғарыда аталған жұмыстар толық аяқталады дейді. Тиісінше елдімекен халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткішін 95 пайздан асыруды көздеп отыр.