Storytelling

ҚАРАТАУЛЫҚ ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ

Қаратау қаласында екі қолы еңбекке жарамсыз болса да, аузымен сурет салатын қыз бар. Сал ауруына шалдыққан Аяжан Жуатайдың шығармалары кәсіби суретшілерден кем емес. Жас та болса өнерлі қылқалам шебері жайында толығырақ келесі сюжетте.

26 жастағы Аяжан Жуатай сәби кезінен сал ауруына шалдыққан. Алайда бұл оның қылқаламды серік етуіне еш кедергі болмады. Жас болса да дарынды қыз аузымен сурет салуды 13 жасында меңгеріпті.

– Суретпен кейде алданасыңда, бір басқа әлемге кірген сияқты болып. Сонысымен жұбанасын. Қолдаушым ғой сурет. Арманым сол жұмыс істегім келеді негізі, ел қатарлы,-дейді Аяжан Жуатай, суретші

Суретші қыз сурет салумен қатар түрлі өлеңдерді мәңерлеп оқиды. Табиғат, мультфильм кейіпкерлерін бейнелегенді ұнатады. Туындылары кәсіби суретшілерден кем емес әрі сұраныс та жоғары . Өнерлі жас бос уақытында тапсырыс та қабылдайтындығын айтады.

– Негізгі терминдерге тоқтала кетсек, өте жоғары кәдімгі кәсіби суретшінің салуынан кем емес. Арнайы оқып жатпаса да, оқып жатқан балалардың деңгейімен бірдей деп айтуымызға болады,-дейді Рахат Нұрбек, Қаратау қалалық балалар өнер мектебінің мұғалімі

Талант иесі қалалық деңгейде бірнеше рет өз көрмесін ұйымдастырған. Ендігі мақсат шетелге шығып, әлемді мойындату.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *