ТАРАЗДА РХТУ-НІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Енді тараздықтар шет ел аспай ақ шет елдік диплом ала алады. Өйткені Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы өз жұмысын бастады. Күні кеше ҚР ғылым және жоғарғы білім министірінің көмекшісі Руслан Емелбаев Университет қабырғасына арнайы келіп, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Былтыр Казфосфат ЖШС және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетімен бірлесіп, химия өнеркәсібі үшін маман даярлауды жандандыру негізінде келісімдер жасалған болатын.Келісімшарт аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы өткен жылы Университет базасында «Менделеев сыныптары» ашылды. Ал биылРХТУ-нің филиалы да ашылып, студенттерді қабылдап жатыр. ҚР ғылым және жоғарғы білім министірінің көмекшісі Руслан Емелбаев кеше ғана университет қабырғасына келіп биыл Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиялына түлектерді қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.Министр көмекшісінің сөзінше, бұл білімгерлерге берілген үлкен мүмкіндік, химия-физика пәнін таңдаған талапкерлер қос бірдей диплоп егесі атана алады.
«ҚазФосфат» демеушілігімен ашылып жатқан үлкен бір жоба. Талапкерлерге үлкен бір мүмкіндік. Әсіресе мынау Химия- Физикані тапсырған талапкерлер50 балдан жоғары алған жағдайда сонымен катар тілдік пән бойынша емтихан тапсырып, қос дипом алып шығу мүмкіндігіне ие. ең бастысы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Олар былайша айтқанда жумыска орналасатын болады. Себебі бұл Жамбыл облысындағы ең ірі кәсіп орындардың бірі «Казфосфат» тың арнай несі бойынша жұмыс істеп жатыр-, Руслан Емелбаев Қр Ғылым және жоғарғы білім министірі саясат нұрбектің көмекшісі.
Естеріңізге сала кетейік өткен жылы Дулати университеті, Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және еліміздегі химия өнеркәсібінің негізгі жұмыс берушісі «Қазфосфат» ЖШС арасында «Қос диплом» бағдарламаларын іске асыру бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасалған болатын. Келісім бойынша қазіргі таңда жұмыстар толықтай артқарылып жатыр дейді мамандар.