BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMStorytellingАймақ

ТАРАЗДЫҚТАР ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

15 мамыр Халықаралық Отбасы күні. Таразда да мерекеге орай түрлі мәдени шаралар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, – -деп хабарлайды taraz24news.kz. Отбасы күнін шаһар жұрты қалай өткізді? Сюжеттен көріңіз.

Отбасы күнін атап ерекше атап өткісі келгендер Қайрат Рысқұлбеков саябағында спорттық сайыстардан сынға түсті. Жас отау иелері “QAZ IQ” зияткерлік ойынына қатысты. Мерекеге орай жас қылқалам шеберлерінің көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. «Отбасы – аялы алақан мекені» атауымен өткен мәдени шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 Гүлнұр ЕРЖАНОВА,        КӨПБАЛАЛЫ АНА

Бүгін тамаша іс-шара өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет! Бізді концертке шақырды. Біз балалармен демаламыз. Мен өзім көп балалы анамын. Менің 9 балам бар. Барлығыңыздың мерекеңіз құтты болсын! Бақытты болыңыздар.

 Айта кету керек, Халықаралық Отбасы күні 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген. Мереке қоғамның назарын әр шаңырақтағы көптеген мәселелерге назар аудартуды мақсат етеді.

Гүлнар Тайжан,  taraz24news.kz

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *