JAŃALYQTAR

ӨНЕР АРҚЫЛЫ ӨМІРГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРЕДІ

А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға арнап мәдени-рухани шара ұйымдастырды. Кездесу барысында сотталғандарға тәрбиелік мәні бар кино көрсетілімі ұсынылды, – деп хабарлайды Taraz24news.kz ақпараттық агентігі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – өнер арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, көрермендердің рухани дүниесін байыту. Сондай-ақ өмірге оң көзқарас қалыптастырып, әр адамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі туралы ой салу көзделген.

Театр ұжымы мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Өйткені мәдениет пен өнер адамның ішкі дүниесіне әсер етіп қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасын өзгертуге де ықпал етеді.

Айта кетейік, жазасын өтеп жатқан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу ісінде мәдени-рухани шаралардың өзіндік орны бар. Мұндай бастамалар олардың уақытын мазмұнды өткізуіне, ізгілік пен адамгершілік туралы ой түюіне мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *