Storytelling

БАҒА БАҚЫЛАУДА

 

Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу туралы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелген. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны жіті бақыланып отыр. Жуалы ауданында да пайыздық үстемені өсіруге жол бермеу үшін сауда желілері, тауар өндірушілер мен тұрғын үйлер маңындағы дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүруде, -деп хабарлайды taraz24news.kz.

Бүгінде қымбатшылық дегенді тұрғындар аузынан жиі естіп келеміз. Бірақ мен дәл қазір келісі 100 теңге болатын картоп пен пияз алдым. Иә , қағыс естіп қалдым ба деуіңіз де мүмкін. Десе де әлеуметтік дүкендерде халық үшін тиімді баға ойластырылған…///

 Жуалы аграрлы аудан ретінде жергілікті халықты өз көкөністерімен толық қамтамасыз етіп отыр деуге болады.  Басқа да маңызы бар азық-түлік тауарларының құны халықтың көңілінен шығып отыр. Қазір ауданда екі бірдей əлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Оның бірі жеке кәсіпкердің өтініші бойынша ашылған. 15 млн теңге бөлініп, 108 тонна көкөніс түрлері қоймада сақталған.

 Нарқозы НАУРЫЗҚҰЛОВ,   КӘСІПКЕР

Былтыр күзде СПК Тараз бізге қаржылай көмектескен. Бағаны тұрақтандыру мақсатында. Қоймада картоп, сәбіз пияз сақтау үшін көмектесті. Елге ендң қызмет етіп жатырмыз. Бағамыз өте төмен

        Жеке кәсіпкер сауда нүктесі жанынан наубайхананы да іске қосып отыр. Енді нанды да арзан бағада сатуды көздейді. Ол бір айда 5 тонна ұн кетеді дейді. Жалпы аудан аумағында 4 базар, 3 сауда желісі мен жүзден астам дүкен бар. Десе де тұрғындар бағаны салыстыра келе әлеуметтік дүкендерге кіреміз,- дейді.

 Бекжан БЕКСҰЛТАНОВ,    АУДАН ТҰРҒЫНЫ

          –Сәл арзандау, әсіресе картошка, сәбіз күріш. Келіп тұрамыз енді. Өзіміздің 6 бала-шағамыз бар. Соларды асырау керек қой. Базардан сәл арзан болса да осы жерден аламыз…///

 Ауданда шығатын өнімдерді делдалсыз сауда дүкендеріне жеткізу мақсатында 17 келісім шарт жасалып отыр. Бұдан бөлек, 27 азық-түлік дүкенімен үстемесін 15 пайыздан асырмау туралы меморандум жасалған. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады,- дейді.

Гүлнар Тайжан,  taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *