BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ НЕСИЕСІН КІМ ӨТЕЙДІ?

Көрермендер тарапынан келіп жатқан сауалдардың көпшілігі несиеге байланысты. Мәселен «қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді? Мұрагер берешекті төлеуден бас тарта ала ма? Және де зейнетақы шотындағы ақшаны банк қарызды жабу үшін алуға құқығы бар ма?».  Мамандар жауабы қажетіңізге жарар.

Адам қайтыс болған жағдайда бірнеше қарызы мен несиесі қалатын жағдайлар көптеп кездеседі. Бұл мәселе Заң тұрғысында қалай қаралады? Әуелі мұрагер анықталады. Мұрагерлік 1039-бабқа  сәйкес  өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке иелік етуші барлық несиені өтеуші болып табылады.

 Исатай СЕРӘЛИЕВ, ЗАҢГЕР

– Мұрагер дегеніміз, ең бірінші кезекте қайтыс болған азаматтың жұбайы немесе кәмелеттік жасқа толған балалары болады. Одан кейін бауырлары, немере сынды тұлғалар мұрагер бола алады.Егер мұрагер мұраны қабылдаса, ол мұрамен қоса несиені де алады. Ал қабылдамай, бас тартса, онда мұра да қарыз да қалады.

Егер мұрагер кәмелет жасына толмаған жағдайда, банк 18 жасқа дейін сұрау салмайды. Немесе несиені төлеуде қаржылай қиындық туындаса, белгілі бір уақыт демалыс беруге тиісті. Мамандар түрлі жағдайларды ескере отырып, әр азаматқа өз өмірін сақтандыруға кеңес береді. Мұндай жағдайда қарыздар сақтандыру компаниясына жүктеледі.   Мұнымен қатар зейнетақы қоры арқылы да несиені төлеуге болады.

 Исатай СЕРӘЛИЕВ, ЗАҢГЕР

-Адам қайтыс болған соң оның зейнетақы қорындағы ақша мұрагерге беріледі. Яғни мұраны қабылдаған адамға. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы нотариусқа барып, құжаттарды реттестіруді талап етеді. Сонымен қатар, қордағы ақшаны алып, несиені түбегейлі жабуға болады.

Мұрагерлер болмаған жағдайда банк немесе микроқаржы ұйымы қарызын өндіріп шығара алмайды. Бұл дегеніміз,  кредиторға үлкен шығын келтіреді. Сондықтан екінші деңгейлік банк кепілге мүлікті қабылдау шараларын қолға алып, сол арқылы өндіріп алуда. Мамандар Заң бойынша банк немесе микроқаржы ұйымдарының адамды келісімінсіз борышкер ете алмайтынын да ескереді.

Назерке Аяз, taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *