ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ
Бүгін сондай-ақ Қаныш Сәтбаевтың 124 жылдығы. Еліне өлшеусіз еңбек сіңірген ғалымның осы саланы алғаш болып қалыптастырған тұға. Оның әсіресе Жезқазған кен орнының ашылуына, Металлогения мектебінің негізінің қалануына қосқан үлесі барша қазақ еліне аян. Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің бүгінде ізін жалғап, тың дүние ойлап тауып жатқан азаматтар жетіп артылады.
Қазір ғылыммен айналысамын деген адамға еш шектеу жоқ. Тіпті зейнетке шыққандар да қолдау бар. Жетпісті еңсерген шағында ғылым саласына тың жаңалық әкелгендердің бірі – Қуанышбек Әлішерұлы. Ол электр энергиясымен қамтамасыз ететін құрылғы ойлап тапқан. Ерекшелігі-өздігінен қуатталады. Шығына да аз.
- Шалғай орналасқан елді мекендерде мал бағушылар үшін таптырмас дүние. Электрэенргиясынан тыс, өздігінен эенргия бөлетін, өзін-өзі қамтамасыз ететін қондырғы бұл. Бұның артықшылығы сол. Көп оорын алмайды. Мобильный. Жайылымға қарай сыртқа орнатуға болады. Қалта әл-ауқатына бірден-бір көмек. Кіші өндірісті дамытудың бірден бір қолғабысы, соның бір тетігіне жарайтын нәрсе болып табылады – дейді ақсақал.
Бұл жұмысқа 4 млн тг қаржы бөлініп, пайдалы өнертабыс ретінде патенттелген. 15 квт-қа дейін қуат өндіріп, түгел бір ғимаратты жарық пен жылумен қамти алады. Яғни, шығынды 50 пайызға азайтады. Бүгінде өнертапқыш еңбек ететін ұжым М.Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Бұл оқу орны жамбылдағы ғалымдардың ордасы десек те болады. Дәл осы секілді 25 ғалым жаңашылдықтарды ойлап тауып, оны іс жүзінде жүзеге асыруда. Солардың бірі – Михаил Сенников. Оқу орнында бұдан басқа 2022-2024 жылдарға арналған Гранттық қаржыландыру байқауына 52 өтінім жіберілген, оның ішінде 6 жоба дәл қазіргі кезеңде қажетті деп танылған. Өткен жылғы ғалымдар бағындырған тағы бір белес. 3 жоба халықаралық деңгейде жүзеге асса, басқа да өнертабыстарды қаржыландыруға мемлекет тарапынан 144 млн теңге бөлінді.