BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент ұйым басшысына дінаралық диалогты дамытуға және бейбітшілік пен келісім құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта мәдениетаралық және дінаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Осыған байланысты 22 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі еліміздің осы бағыттағы табанды ұстанымының айқын дәлелі саналады.

Мемлекет басшысы ортақ күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанның бастамалары жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі ықпал етіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанадағы дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін маңызды пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалап, Қазақстанның өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан еңбегі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *