BASTY BETQOǴAM

ЖАС КАНДИДАТ ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Алдағы саяси науқанға санаулы күндер қалды. Елімізде бұл сайлауға жеті партия мен можаритарлық жүйе арқылы кандидаттар арасындағы дода басталып та кетті.

Солардың бірі – Қазақстан халық партиясы. Аталған партиядан депутаттыққа үміткер Мират Исаков халықпен кездесу өткізуде.

Қазақстан халық партиясынан облыстан жалпы саны 40 кандидат тартысқа түспек. Олардың 9-ы Тараз қалалық мәслихатқа, ал қалғандары аудан мен облыстық мәслихатқа ұсынылып отыр.

Бұл додадаға Мират Исаков та өз бағын сынап көрмекші. Өз қамы емес, өзінің қатарластары жастарға қолдау көрсету үшін.

М.Исаковтың айтуынша: «Енді осы сайлауда ұстанатын бағдарламам бар. Бірінші жастарға қолдау көрсету. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау көрсету. Үшінші бағдарламам – еңбек кодексі. Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу. Осы бағдарламаларды көтерсем ба деп жатырмын алдағы уақытта. Өйткені біздегі еңбек кодексіндегі біраз статьялары, баптары сәйкес келмейді. Производственные мероприятия, травма алып жатады. Сондай кезде ешқандай қолдау берілмейді. Ешқандай ақша берілмейді. Беріледі, бірақ мардымсыз. Осыны біздің халық партия көтеріп жатыр», – дейді.

Еңбек кодексіне өзгертулер енгізбесе екі тарап арасында біраз түсініспеушіліктер бар дейді, үміткер.

Қызметкерлер мен жұмыс беруші біраз заңдарды дұрыс түсінбегендіктен көптеген жұмыс орындарында олқылықтар орын алып жатқан көрінеді. Сондай-ақ жастарға аз пайыздық мөлшерлемемен несие беріп, баспаналы болуға, жер телімдерін алуға мүмкіндік беру қажеттігін де алға тартты.

Үгіт-насихаттық жұмыс Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында болды.

Айта кетейік, кандидат Мират Исаков Тараз қаласында орналасқан №19 округке кандидат.

Қазақстан халық партиясы бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін ұстар жастарды қолдайды, олардың бастамаларын қуаттайды. Сондықтан бұл партия жастарды да ұсынуда. Олардың идеясы көп әрі жалындап жанып тұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *