Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
BASTY BETQOǴAM

ТЫҢ ТАКТИКА, ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Тың тактика, жаңа бетбұрыс. Қарулы күштер қатарындағы жауынгерлер үшін аса маңызды. сол себепті биылда Гвардейск гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Мәтібұлақ» полигонында, «Көкжал-2023» тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Мыңнан аса жауынгерді жинаған оқу жаттығу бір аптаға созылды.  роталық тактикалық топтар ішінен мобильді топтар құрылып, бөлімшелер жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің жаңа тактикалық әдіс-тәсілдерін пысықтады. Артиллериялық және әскер авиациясы бөлімшелерін жауынгерлік жағдайда қолдануға баса назар аударылды. Бұл зерттеу жаттығуына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басшылық етті.

Артиллерияны оқу-жаттығуда қолдану ерекшелігі – атыс құралдарын барынша шоғырландырып, классикалық әдістер мен қарсыласты жеңу әдістерімен ұтымды қолдануында болды. Осылайша, бөлімше командирлерінің өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік берілді.Сондай-ақ, танкке қарсы артиллерия құралдарымен алыс қашықтықтағы қарсыластың броньды нысандарын құртудың жаңа тәсілдері де сыналды.

Алдағы уақытта бұл іс-қимылдар жазғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік дайындық барысында пысықталмақ. Оқу-жаттығу соңында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды оқу-жаттығудың жақсы аяқталуымен құттықтап, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *