BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

14 ЖЫЛ БОЙЫ ІЗДЕУДЕ БОЛҒАН

14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған 49 жастағы азамат ұсталды. Оған Тараз қаласында тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған болатын.

Ұзақ уақыт бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған күдікті Алматы қаласының фитнес залдарының бірінде арнайы операция жүргізу барысында ұсталған. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне өзін бауырының есімімен таныстырған. Алайда бұл жолы айласы іске аспай құрықталып отыр.

– Жамбыл облысы департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қылмыстық кодексінің 178 бабы тонау және 257 бабы бұзақылық деректері бойынша 14 жылдан бері іздеуде жүрген 49жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеп тексеру амалдары жүргізілуде,-дейді Олжас Омарбеков, Жамбыл облысы ПД ҰҚҚКБ басшысы

Мамандардың сөзінше, анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы Жамбыл облысының Полиция департаментіне жеткізілген. Қос азаматтың да саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған. Содан соң, іздеудегі азамат Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *