BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ: ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАБІЛЕТТІ АДАМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ АСЫРАУҒА ТИІС ЕМЕС

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі сұрағына жауап берді. Үкімет басшысы алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру барысында базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын айтты, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің сөзінше, әлеуметтік саланың бюджетке түсіретін жүктемесі айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы республикалық бюджеттің 60%-ын құрайды.

«Республикалық бюджетте бұл шығындар ұзақ уақыт бойы 40%-дан жоғары болды. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әрі қарай да қысқарту мүмкіндігі бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Түрлі объективті себептермен еңбек етуге немесе өзін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға ғана мемлекет әлеуметтік қолдау көрсетеді. Ал жұмыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адамдарды мемлекет асырауға тиісті емес және асырамайды да», — деді Олжас Бектенов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *