JAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 46% НӘЗІК ЖАНДЫЛАР

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасына қатысушылардың көрмесі өтті. Облыстың 200-ден астам бизнес-ханымы мен басқа өңірлерден келген қонақтар қатысқан іс-шараны «Іскер әйелдер кеңесі» ұйымдастырды.

Бір ауыл – бір өнім пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылған көрмеге 70-ке жуық кәсіпкер қатысты.  Айта кетейік, қазірдің өзінде аймақта әйел басшылығымен бизнесті іске асыру ер азаматтардан кем түспейді, нақтысы нәзік жандылар басқарып отырған кәсіпорындардың  үлесі 46 пайызды құрайды.

Еркін АТЫМТАЕВ ЖО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жәрмеңкенің мақсаты – ауылды жерлерде кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың өнімдерін көрсету. Мәселен, Қордай ауданында хмель өседі. Одан қанша зат алуға болады.  Сарапшы барлығын қарауда. Жалпы, 10 ауданнан келді. 

Көрмеге сүт өнімдерінің түр-түрін алып келген жеке кәсіпкер шаһар тұрғындарының ілтипатына бөленді. Іс бастағанына 6 ай ғана болған нәзік жанды, бүгінде үйде отырып-ақ, тек Жамбыл емес, Өскемен, Қарағанды секілді өңірлерге өз тауарын жеткізіп үлгерген.

Айнұр ИСКАКОВА  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Жан-жаққа жібере бастадым. Алдымен Т.Рысқұловтан бастап, Сарышаған деген ауылға жібердім. Балқаш станциясында жақсы өте бастаған соң, инстаграм аштым. Сары май, қаймақ, құрттың түр-түрімен қоса сүзбе де бар. 

Жалпы, көрмеге азық-түлік өнімдері мен қолөнер бұйымдары қойылып, мұнан өзге  әйел кәсіпкерлігін қолдау мәселелері талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *