BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ЖӨЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жамбыл облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе қала ішінде тақтай тегіс көшелер пайда болуда. Айта кеиу керке биыл шаһарда 144 жол асфальталады десек, олардың сапасы да қатаң бақылауда дейді мамандар.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Тараз қаласында 86,8 шақырымды құрайтын жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Олардың қатарында Шостакович көшесі де бар. Облыстық жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері асфальтталған көшелердің сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізіп дейді.

– Сапа жолы келісім шартқа отырылған. Сапа жолы біткеннен кейін керін алып барлығын тесеріп сосын ары қарай қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Сапа жол мекемесі бар. Қазір сапа жол мекемесі әр км-ден 3-4 керін алады. Керінге асфальтың тығыздығы оның сапасы, специальный лобаратория бар. Сол лобараторияға апарып салғаннан кейін соның нәтижесімен қабылдайды. Тығыздығы 99пайыз болуы керек,-дейді Ерболат Сейітбек, ЖО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

Қазір шаһардағы Аппатаев көшесінде де жол жөндеу жұмыстары басталған. 3,5 шақырымға созылған жолды орта жөндеу жұмыстарына 28 млн теңге бөлінген.

– Бүгінгі таңда 3 қазаннан бастап жөндеу басталды орта жөндеу. Бүгін міне асфальт салынып жатыр. Бұл жерде 16 техника жұмыс істеп жатыр. 14-15 хобамыз асфальт тасып, жеткізіліп жатыр. Бүгін міне 620 метрсалып жатырм. Мерзімге жетпи бітіреміз деп отырмыз. Мерзімі желтоқсан айы. 3 айға жетпи аяқтаймыз деп отырмыз,-дейді Әділет Түкпасов, «рауан» жшс директорының орынбасары

Айта кету керек, Жамбыл облысы бойынша осы жылы 800 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оған жергілікті бюджеттен 24,9млрд тенге қаржы бөлініп отыр. Жалпы жауапты мамандар жолдың сапасына жақсы деген баға беріп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *