АУДАННАН ҚАЛАҒА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ҚОСЫЛАДЫ
15 мөлтек ауданы тұрғындары автобус қажеттілігін үнемі әлеуметтік желіде көтеріп жүр. Орталыққа қатынау тек қала маңындағы округтар де ғана емес шаһарға жақын орналасқан Жамбыл, Байзақ ауданында да бар. Алдағы уақытта жаңа қоғамдық көліктер келеді. Олар қай бағытта қатынамақ. Әкімдікте облыс басшысымен осы мәселе қаузалды.
Тұрғындар тарапынан қатынау қиынның қиыны деп Айша бибі, Бесағаш ауылдары мен Чөлдала аумағы тіптен Аса ауылы тұрғындары да жиі көтеріп келеді. Оған негізде бар. Өйткені, қала маңында бар-жоғы 22 автобустың алтауы ғана жүйелі жұмыс атқаруда екен.
Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ ЖО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жауаптының тағы бір мәліметіне сүйенсек, облыстағы 355 елді мекеннің тек 220-ы ғана автобуспен қамтылған. Әкім тұрғындар тілегі орынды екенін айтып, тиістілерге нақты тапсырма жүктеді. Әкім жүктемесі бойынша енді Аса мен Байзақтағы бұл мәселе шешімін таппақ. Сондай-ақ 15 мөлтек ауданында қосымша автобустар беру жоспарда бар.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2023 жылға қоғамдық көлік бойынша тағы бір бағыттар іске қосылмақ. Нақтысы Тараз-Жаңатас, Жаңатас-Тараз, Досбол-Тоғызкент-Үшарал-Тараз, және де Жайылма, Саудакент-Тараз бен Досбол-Тоғызкен-Үшарал-Тараз Саудакент-Тараз сынды қоғамдық көліктер қатынау үшін субсидия бөлінбек.