JAŃALYQTAR

ОБЛЫСТА13 МЕШІТ СОҒЫЛУДА

Елімізде мешіттерге келушілер мен мешіттер санының өсімі артқан. Облыс аумағында 2018 жылы – 301, 2019 жылы – 308, 2020 жылы – 313, 2021 жылы –323 мешіт болса, биылғы жылы олардың саны332-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыста 13 мешіттің  құрылысы жүргізілуде. Облыс бойынша мешіттерге жұма намаздарына келуші жамағаттың саны 37 мыңнан астам болса, күнделікті мешітке келушілердің саны 6 мыңнан астам адамды құрайды. Ал, өткен жылмен салыстырғанда жоғары білімді имамдар 23,%-дан 24%-ға орта білімділер 22%-дан 24,9%-ға артқан. Имамдардың білімін арттыру  мақсатында  Республикалық және облыстық деңгейлерде «Нұр-Мүбәрак» университетінде, облыстық семинарларда кәсіби құзіреттіліктерді арттыру курстарынан облыстағы 62 мешіт имамы өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *