ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙДЕ КӨНЕ ТАБЫТТАР САҚТАУЛЫ…
Тараз 2000 жылдық тарихы бар көне қала, – дейміз. Ал сонау 6-шы ғасырларда аймақты кімдер мекендеді? Нақты қандай жәдігерлер бар?Осы сынды сауалдар кімге болса да қызық, әрі тосын. Діни түсінік жайы тіпті күрделі. Бүгін өңірдегі музейге әріптесім Гүлнар Тайжан барған еді. Толығырақ Тараз тарихы жайлы сюжеттен көріңіз.
Сонау 6-9 ғасырларда қазақ жерінде, оның ішіндеТараз қаласында өз наным-сенімдерімен бірге зароастризм, буддизм, манихей, христиан діндері белсенді тараған. Аталмыш зароастриз діні жайы тіпті бөлек.
Дін бойынша мәйіткe қoл тигізy ғaнa eмec, oны aлып жүpy дe қopлay бoлып caнaлған.Мәліметтерге сәйкес денені, тіпті аң-құстарға жем еткен деседі. Ал, сүйекті кішкентай ғана қол арба пішіндес ыдысқа салған-ды. Бүгінде, аталған көне жәдігер облыстық музейде сақтаулы.
Айдана МЕКЕМОВА ЖО ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Музейімізде 70 мыңға жуық жәдігерлеріміз сақталған. Олар тақырыпқа қарай 4 залға бөліп қойылған. Бұлардың ішінде бірінші залда тарихқа дейінгі кезең, тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір дәуірі, көне түркі дәуірінен қалған тас мүсіндеріміз қойылған.
91 жылдық тарихы бар өлкетану музейінде «Ұмай» ананың тұпнұсқа мүсіні мен түрлі балбал тастар да бар. Тіпті, облысымыздан табылған белгісіз алып жануардың қабырғасы да келген туристердің назарын бірден өзіне аударатын көрінеді.Сонымен қатар, өткен дәуірде тұрғындар қолданған қыш құмыралар да жетерлік.
Музейге жыл сайын түрлі жәдігерлер әлі де әкелінуде. Дегенмен, кейбірі табиғат құбылысына байланысты пішіндерін жоғалтқан.Алайда, бұл да тарихымызды зерттеуге кедергі келтірмейді, дейді жауаптылар. Себебі, бөлшек түрінде табылғандары арнайы қоймалжың сұйықтықпен біріктірілетін көрінеді. Енді, алдағы уақытта нысандағы жәдігерлер тағы да артады. БАҚ өкілдерін қамтыған шараның мақсаты да қордағы рухани, материалдық байлығымызды елге көрсету,-дейді басшылық.
Жанна ҚОСАЛИЕВА ЖО ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Ата-бабамыздан қалған мұраларды сақтау, дәріптеу, зерттеу мақсатында ел назарына ұсынып отырмыз. //… Бұл жерде археологиялық, этнографиялық, нумезматикалық, т.б жәдігерлеріміз бар.
Ал, облыстағы ескерткіштер өз алдына бір төбе. 2009 жылы 1175 болса, ендігі саны 3435-ке жеткен. Бүгінде олардың заңды, әрі сапалы болуы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қатаң бақылауында. Осыдан бірер жыл бұрын ғана Меркіде заңсыз орналастырылған Кенесары ханның ескерткішіне ел өз наразылығын білдерген еді. Кішкентай тасқа отырғызылған тас мүсін ендігі қайта қойылады.
Балжан СЫДЫҚАЛИЕВА ЖОТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Енді жаңадан Кенесарының 3 эскиздік жобасы жасалды. Екі жоба авторы мүсінші Көлшілік деген кісі. Сол эскиздік жобаны монументті орнату жөніндегі комиссияға ұсындық.
Қандай жәдігер болсын, бәрі де құнды. Ол мейлі құжат, мейлі нысан болсын. Өткенге көз жүгірту үшін өңірдегі өлкетану музейіне кез-келген тұрғын кіре алады. Айта кетейік, мұнда келушілер саны да жыл сайын артып келеді екен. Жылына шамамен 26 мың адам музейге сұранып кіреді.