ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕМЕ
Кәсіп бстамаққа ниетті адамға ең әуелі жер керек. Жер мәселесі Президент Жолдауында қадау-қадау болып айтылды. Президент жыл соңына дейін үкіметке бос жатқан жерлердің тізімін жасап, ақпараттарды арнайы базада ашық жариялауды тапсырды.
Жамбыл облысы аумағында 14427,5 мың гектар жер бар. Оның 1885,5 мың гектары босалқы болса, 2492,6 мың гектары мемлекет меншігіндегі аумақтар. 2021 жылы 106,3 мың га жайылым, 2022 жылы 8 айында 95,4 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бақтияр КӨПБОСЫНОВ ЖО ЖЕР ҚАТЫНАСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
–қазақстан халқына жолдауында игерілмеген жерлерді қайтару туралы тапсырма берілді. Осы бойынша біз өткен жылы облыстық прокуратурамен бірге игерілмеген жалпы 252мың га жайылымдық және 25 мың га егістік жерлер анықталды. Қазір барлық аудандарда жерлерді қайтару бойынша комиссия құрылды.
Қазақстанда заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге қатысты нақты шешім шығару үшін жыл соңына дейін уақыт берді.
ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІН ИНТЕРВЬЮ РЕТІНДЕ КЕСІП АЛ
-Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биылға дейін 128 394 жер үлестірілсе, ағымдағы жылдың алты айдағы есебімен тағы 35 мыңнан аса тұрғын қуанышқа кенелді. Аудандарда ең көп таратылған жер телімі бойынша алғашқы үштікті Жамбыл,Т.Рысқұлов, Шу аудандары құрайды.