АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА
Меркі ауданында шаруа қожалық иелерінің қатысуымен адам құқығының сақталуы турасында жиын өтті. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мамандарының адам саудасына қатысты жасалған қылмыстарды тілге тиек етіп, кез-келген азаматтың құқығы конституциямен қорғалғандығын баса айтты.
Конституциямыздың 1-бабында адам құқықтарын сақ¬тау нормасы бекітілген. Ал 30-бап түгелдей азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен мүдделеріне арналады. Дегенмен бүгінгі қоғамда адам және оның ағзаларының саудасы, зорлық-зомбылық сынды қылмыстық істер тіркелуде. Тіпті азаматтардың жоғалып кеткен жағдайлары көп. Сондықтан мамандар бұл мәселелердің алдын алу мен тоқтату істерінде барлық азаматтар назарын аударуы керек дейді.
– Қылмыстық қудалау органы және де өздеріңізге жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Деген мен бұл іс шараның жеткіліксіздігінің салдарынан мұндай қылмыстар орын алып жатыр ғой қазір,- Бағиса Байгисиев меркі аудандық прокуратурасының аға прокуроры
Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсыкүрес басқармасының маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Мақсат Ануарбековтің айтуынша соңғы осы 3 жылда облыс аумағында адам саудасына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркеліпті. Десе де мамандары осы мәселе төңірегінде алдын алу бойынша нақты іс жоспар бекітіліп, 300-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілір жатқандығына айтады.