BASTY BETJAŃALYQTAR

ӘРТІСТЕР ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА

Әртістерге де үнемі ізденіс, әріптестік байланыс қажет. Өйткені, бүгінде көрермен талғамы артып, жаңа, тың дүниені көргісі келеді. Осыны ескерсе керек Жамбыл облыстық орыс драма театры Ресей  елінің өнер майталмандары осымен екінші рет қонақ ретінде күтуде. Басты мақсат өзара тәжірибе алмасу.

Сахна шеберлікті қалай талап  етсе, еңбекті де дәл солай қажет етеді. Өткен аптада Петербург қаласынан келген мамандар дауыс қою тәжірибесімен бөліссе, бұл жолы сахнада қойылымдардың жаңа үлгісін сөз етті.

Константин ГОРИН  РФ   ТҚО ҰЙЫМДАСТЫРУ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

-Осы аптада сіздің қалаңызда  болғанымызға өте қуаныштымыз. Біріге жұмыс жасап тамаша нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Жоспарға келетін болсақ  мен 3 жас режиссерді таңдаймын, 3-4 күнде болашақ спектакльдердің эскиздерін қоямыз. Содан кейін біз осы эскиздерді көрсетеміз. Арасынан ең жақсы эскизді анықтайды. Келесі жылы оның құрылуын Театр қайраткерлеріде  қолдап отыр!

Әріптестік байланыс аясында  қыркүйек айының  6-11 аралығында театр сахнасында  «Орыс тілді комедия классикасы» шығармашылық жетекшілік зертханасы ұйымдастырылады. Оған Ресей Федерациясы Театр қайраткерлері одағы таңдаған 3 режиссер қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үрдіс жалғасып, 2023 жылы көрші елдің әрітстері толыққанды класиканы жамбылдықтарға ұсынатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *