ТӨРТ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛСЕ…
Аймақ басшысы, Ербол Қарашөкеев бүгін №7 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Нақтырақ айтсақ «Көне Тараз» этно-мәдени кешені аумағында тұрып жатқан халықтың басын жиып, қордаланған мәселелерін тыңдады.
Халықпен кездесуге келген қос әкім алдымен аумақтық округке қатысты жоспарларымен бөлісті. Содан соң тұрғындарды мезі еткен мәселелерге құлақ түрді. Азаматтардың алғашқы сауалы асфальтталмаған жарты шақырым жолға қатысты болды. Айтуларынша, күз бен көктемде қара жолмен қатынау қиын.
– Рахимова бойынша егер мен қателеспесем биыл бізде сол жер бар, жыл соңына дейін қазір жұмыстар жүріп жатыр. Жақын арада сіздергеде барады. Биыл су құбырларын тартамыз Асфалттау жұмыстарын 24 жылға жоспарлап отырмыз Рахимова көшесін,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
«Үш километр аллеямыз қаңғыбастарға толып кетті». Кездесуде көше тұрғыны осылай деп облыс әкіміне жанайқайын жеткізді. Бұдан басқа ДА мәселелерге тоқталды. Сөзінше «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенін көруге келген қонақтарға ешқандай жағдай жасалмаған. Бұған «әжетхананың жоқтығы» дәлел дейді.
– Әжетхана бойынша бұл мәселе бар оның ішінде мынау демалыс орындарында, кейбір қала орталықтарында әжетхана жоқ. Қазір біз алматы қаласына үлкен зауытқа тапсырыс бердік искиздер жасаттым. Бірінші екі әжетхан жыл соңына дейін келеді,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
Тұрғындар тілегін тыңдаған облыс әкімі жиын соңында шаһарда туындаған барлық мәселелер алдағы уақытта шешімін табатындығын жеткізді. өз сөзінде «Балалар алаңы, жол жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мен жылу желілеріне қатысты барлық сұрақтар шешілсе Тараз өмір сүруге ыңғайлы, жасыл желекті қала» деген пікірін де білдірді.