BASTY BETJAŃALYQTARАймақ

МҰХТАР ШАХАНОВҚА ХАЛҚЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Биыл ел бағына туған жазушы Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл. Әулиеата атқамінерлері мен жұртшылығы ақынын ұмыт қалдырмай, үлкен деңшейде мерей той өткізді. Онда құрметті қонақ болып, мерей той иесенің өзі келді. Халқына жыр шашуын арнап, халқы да арда азаматын биікке көтерді.

Өлең құрау-ақындықтың көп қырының бір қыры… Биыл жыр алыбы, ақындық өнерінің биік шыңы-Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы. Осы орайды аймақта«Игілікке бастар ауыл тұрғындары» атты жастар форумы өтуде.

Мұхтар ШАХАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН

мен көңілдеріңізге ризамын. Бар кездеріңізде жұлдыздарыңыз тек шындық биігінде жарқырай берсін!

Ауқымды іс-шара облыс орталығында емес Шайқорық ауылынан бастау алды. Ауылдағы ағайынмен көріскен ақын осы жерге өз қолымен тал егіп, оған «Мұхтар Шаханов» есімі берілді. Өлең десе делебесі қозған оқушылар  жазушы  туындысын паш етті.

Халықтың ілтипаты мен зор ризашылығына иеленген ақынға арналған іс-шара мұнан соң  шаһарда жалғасты. Арнайы театрлық қойылым мен концерт ұйымдастырылды.

Нұржан Нұржігітов жыр жүйрігіНЕ ерекше құрмет танытты. Талантына бас иді.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ

ал енді Мұхтар аға өзіңіз көріп отырсыз, бүкіл ел, бүкіл халық, бүкіл Жамбылдықтар сізді ерекше ықыласпен күтіп алды. Сіз  барша қазақ халқынығң мақтанышына айналдыңыз .

Ол  талай марапат пен қызметтің иесі. 2006 жылы Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған “Түркі әлеміне ерен еңбегі үшін” атағы берілді. Тіптен “Халық қаһарманы” атағын берген кезде өз еркімен бас тартқан. Себебі атақ пен даңққа қызықпаған. Бірақ, Мұхтар Шахановқа құрметті де қошеметті де  халқы берді. Марапаттың төресі осы болса керек?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *