BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЖАҢА АТА ЗАҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ ҰСЫНЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, комиссия төрағасының орынбасары, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Эльвира Әзімова комиссия отырыстарында жүргізілген талқылаулар нәтижесінде Конституцияның жаңа мәтіні әзірленгенін мәлімдеді.

Комиссия мүшелері жаңа преамбула мен бірқатар баптар мен бөлімдер елдің конституциялық жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар саяси және қоғамдық институттарды жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту көзделген.

Олардың айтуынша, әзірленген құжатты Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастырып, халық назарына ұсыну үшін жариялау қажет.

Президент Конституциялық комиссияның ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылауға шығару маңызды екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның жаңа нұсқасы бойынша түпкілікті шешім республикалық референдум арқылы қабылданатынын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *