ЖАҚСЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫҢ ҰЯСЫ
Соңғы жылдары елімізде отбасы н құндылықтарына, бала тәрбиесіне, мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлініп отыр. Осы орайда Жауылы ауданы Б.Момышұлы аулында «Отбасының тұрақтылығы, өзара қарым-қатынас пен некені сақтаудың маңыздылығы» атты семинар- тренинг өтті.
Семинарға қатысқан мамандар некені сақтап қалудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлу керектігі турасында сөз қозғады. Өйткені, қазіргі таңда зорлық-зомбылық, ажырасу мәселелері көбейіп кетті дейді мамандар
— Біз ең бастысы некені қалай сақтап қалуымыз керек. Осы орайда біз бір шама көрермендер мен ой өрбіттік. Осы шамада тренингтер жүргіздік. Жалпы өздерінің сұрақтарына жауаптар алды. Қалай біз сақтап қалуымыз керек. Ең басты екі ерлі зайыптылардың арасындаңы бір біріне деген сүсінушілік болу керек. Екінші ден өздеріне деген көз қарастары бір бақытта болу керек деп ойлаймын. Себебі бір бірінің шешімін бірге тапса ол нұр үстіне нұр болар еді,-дейді Зейнеп Дәренова, «Тұлға» қоғамдық қорының президенті
Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Біз сол себепті көп уақытымызды балаларға бөлеміз. Демалыс күндері отбасымыз бен серуендеуге тырысамыз — дейді жиынға қатысушы ата-аналар.
— Қазіргі таңда рақмет айтам психологтардан өзіме қиын болып жатқан сұрақтарға жауаптарды алдым деп айталам. Өйткені баланың тәрбиесі қазіргі кезде ойыншық емес. Тек қана қоғамдағы біз жеке тұлғаны тәрбиелеп отырған отбасымыз. Сондықтан бұған оңай қарамастан, маңызды роль атқаратынымызды сезініп жауапкершілікпен қарауымыз керек,-дейді Майрамгүл Жұрқабаева, ата-ана
Статистика бойынша, былтырдың өзінде 17,7 мың отбасының шаңырағы шайқалған. Көбіне ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар мен ерте отбасын құрғандар ажырасады дейді мамандар.