ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 21-ШІ «ЖАС САҚШЫ» ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Тараз қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбы өз жұмысын бастады – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Бұл Жамбыл облысында ашылған 21-ші «Жас сақшы» сыныбы болып есептеледі.
Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Сәлемов және Әулие-Ата аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Санжар Абдрайымов қатысты.
Берік Сәлемов шара барысында «Жас сақшы» жобасы өскелең ұрпақты заңға құрметпен қарауға, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті. Ол оқушылардың сыныпта құқық негіздерін үйреніп, полиция қызметінің негізгі ерекшеліктерімен танысатынын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің маңызын түсінетінін жеткізді.
Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және полиция ардагерлері қатысып, салтанатты жағдайда 6-7 сынып оқушылары «Жас сақшы» қатарына қабылданды. Оларға арнайы ант қабылдатылып, сақшы куәліктері табыс етілді.

