JAŃALYQTAR

КӨЗ АУРУЫН ТЕГІН ЕМДЕЙДІ

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілгеніне 2 жыл. Кепілдендірілген көмек аясында Жамбыл медицинасының, оның ішінде, офтальмология саласының бүгінгі ахуалы қандай? Көз ауруын емдейтін қандай жаңа құрылғылар әкелінді?

Қазір 11 млн-нан астам адам мемлекеттік қолдауға ие. 15 жеңілдік санаттары қарастырылған науқастарғаМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді. Солардың ішінде зейнеткерлер мен балаларға көз аурулары бойынша емделуге кететін шығынды мемлекет шығарады.Мысалы, ай сайын айлығынан жырып медсақтандыруға ақша құятындар өздері таңдаған кез келген емханада медициналық қызмет алуға құқылы.

Жансая СЫДЫҚОВА  «ЖО  ОФТАЛЬМОЛОГИЯОРТАЛЫҒЫ» КҮНДІЗГІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ         

Орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Біз барлық көз ауруын, катаракта хирургиясын, глаукоманы емдейміз.

Биылғы жылдың 8 айында Жамбыл облысы  орталығы бойынша  мемлекеттік міндетті медициналық көмек көрсету обсерваториясы мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 900-ден  астам көз ауруымен ауыратын науқас емделген. 916 ота жасалып, 8 мыңнан астам науқасқа шұғыл көмек көрсетіліпті. Оның 2 мыңға жуығы балалар.

Жұлдыз БҮЙТЕКОВА  ОФТАЛЬМОЛОГ

Бұл орталықта жолдама бойынша кешенді тексеруден өтуге болады. Консультативті-диагностикалық бөлімшеге жолдаманы жергілікті емханадан әкелу маңызды. Ары қарай қандай емнен өтетініңіз анықталады. //

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *