AGROBASTY BETBIZNESJAŃALYQTARQOǴAMАймақЭкономика

ЖАМБЫЛДА ЖАҢАДАН 6 500 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Жамбыл облысында жалпы құны 3,4 триллион теңге болатын 80 жоба іске асады. Бұл аймақтың алдағы үш жылға арналған ауқымды инвестициялық портфелінің жоспары. Биылдың өзінде бұл бағытта 19 жоба жыл аяғына жетпей аяқталмақ, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Биыл Жамбылда инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылып, өз жұмысын белсенді бастады. Мақсат 2028 жылға дейін құны 3,4 триллион теңге болатын 80 инвестициялық жобаны жүзеге асыру. Нәтижесінде 6 500 жұмыс орны ашылады. Биылға жоспарланған 34 жобаның әзірге 19-ы іске асты. 700 адам жұмысқа тартылды. Соның бірі – Орталық Азия бойынша қалдықсыз жұмыс істейтін бірегей цемент зауыты.

  • Біз 50 млрд теңге инвестиция салдық. Қордайдағы цемент зауыты жылына 1,5 млн тонна қалдықсыз цемент өндіреді. Тәулігіне үш жарым тонна клинкер шикізатын шығарады. Қазақстан Президентіне алғыс айтамын. Қазақ елінде кәсіп жүргізуге кедергі жоқ. Құжаттар жеңіл әрі жылдам реттеледі. Сол үшін біз өзге инвесторларды да тартатын боламыз, дейді инвестор Бенджамин Ченг.

Орталық Азияда жел генераторларының бөлшектерін шығаратын зауыт атымен жоқ. Енді мұндай кәсіпорын Шу ауданында салынбақ. Шетелдік инвестор 114 миллион доллар қаржы құйды.

  • Жобаның 80 пайызын біз қаржыландырамыз. Келесі жылдың соңында салып бітеміз. Қазақстанның жасыл энергия көздерін жандандырып жатқаны қуантады. Жамбыл облысы – желден қуат алуға өте қолайлы аймақ, дейді инвестор Чжоу Фугай.

Жамбылда жыл басталғалы негізгі капиталға 370 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте тіпті тойхана тұрғызып, сауда нысанын салған кәсіпкердің өзі де аймақтың инвестициялық ахуалына әсер ете алады.

  • Жергілікті кәсіпкерлердің салған инвестициясы. Яғни осы жерде салынған мейрамханалар болсын, тағы да басқалар болсын. Жоспар бойынша 2025 жылы 30 жоба іске қосылуы мүмкін. 30 жоба іске қосылған кезде жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайды, 1500-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ернар Оразбай.

Жамбылда жаңа жылға дейін кәсіпкер қаржысына тағы 15 кәсіпорын ашылмақ. Айта кетейін, елімізде кез-келген адам инвестор бола алады. Ол үшін заң бойынша жасайтын жобаңыздың жалпы құны 500 млн теңгеден жоғары болу керек. Сонда ғана инвесторлардың бірыңғай пулына қосылып, кәсіпорын ашуға мүмкіндік бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *