ТАРАЗДА ЖАСТАРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Абай атындағы Тараз қалалық орталық кітапханада жастарға арналған «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу жиыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Медина Қайратқызы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Балнұр Ерген Мұратқызы, сондай-ақ №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Батырбаева қатысты.
Кездесу барысында Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытып, тақырып аясында өз пікірлерін білдірді.
Жиынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Шара аясында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыптық кітап көрмесін ұсынып, оқырмандарға таныстырды.

