BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЕНДІ ДЕКЛАРАЦИЯ ӨЗІ ТОЛТЫРЫЛАДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерін дамыту және салық әкімшілендіруді жеңілдету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық декларацияларын автоматты түрде толтыру мүмкіндігі іске қосылды. Енді ҚҚС және басқа салықтар бойынша есептілікті өз бетінше толтырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат цифрлық жүйелерде жинақталып, декларация дайын күйінде көрсетіледі.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл өзгеріс кәсіпкерлерге салықты дұрыс және уақытында төлеуді жеңілдетеді. «Ішкі кірістер қызметі кәсіпкерлердің серіктесі болуға тиіс. Жауапқа тарту тек кірісін жасыратындарға ғана қатысты. 2026 жыл – өтпелі кезең, қателіктер үшін өсімпұлдар есептелмейді», – деді Олжас Бектенов.

Жаңа цифрлық сервистердің артықшылықтары көп: салық құжаттарын жылдам өңдеу, онлайн төлемдер, жүйенің қолжетімділігі және қателіктерді азайту үшін арнайы бақылау енгізілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар e-Saluq Business қосымшасы арқылы мәртебесін автоматты түрде ала алады.

Сонымен қатар, цифрлық платформалар тек салық үшін ғана емес, статистика жинау, әлеуметтік және азық-түлік тауарларын бақылау, субсидиялар есептеу сияқты жұмыстарға да қолданылады.

Бұдан былай салық төлеу оңай, ашық және түсінікті болады. Кәсіпкерлер өз істеріне көңіл бөліп, өзгерістерге бейімделуге уақыт алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *