BASTY BETJAŃALYQTAR

«ТОМИРИС» АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

Жамбыл ауданында «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Бизнес ашу және жүргізу әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Көпбалалы аналар мен қыз-келіншектерге арналған іс-шараны Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Елу жылда – Ел жаңа» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды. Мақсаты – кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қолжетімді білім беру болып табылады.

Семнар барысында қатысушыларға «Кәсіпкерліктің алғы шарты», «Бизнесті дұрыс қалай бастау керек?», «Сәтсіздік себептері», «Көшбасшылық деңгейлері» тақырыбында лекциялар оқылып, мамандар тарапынан зерттеулер нәтижесі айтылды. Сонымен қатар кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, психологиялық дайындық, маркетинг, бизнес жоспарлау, кәсіпкерліктің құқықтық негіздері тақырыптарында тренинг өткізілді.

Сексен минутқа созылған жиын бірнеше бөлімнен тұрды. Тайм менеджмент сағатында бизнес-тренер Гүлзат Искакова әлемдегі мықты кәсіпкерлерді зерттей келе, олардың жеңіске жету жолымен бөлісті. Кәсіп ашамын деген жандарға қуат беретін жалынды сөздерін жеткізді. Және де алдағы уақытта жүзеге асатын стартап жобалар барысы таныстырылып, оған қалай қатысу қажеттігі айтылды. Нақтысы, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында іске асып жатқан «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына қатысу үшін «Қайда бару қажет?», «Қандай құжаттар қажет?» деген сынды көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап нақты әрі тиянақты түсіндіріліп берілді. Семинарда бизнеске арналған гранттарға қатысу үшін ерекше жобалар жайы да пысықталды.
Ұсыныстар айтылып, әр қатысушының пікірі жіті назарға алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *