BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕРКІДЕ 22 ЖАСӨСПІРІМ ДЕМАЛЫС ОРНЫНАН АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс орнынан Қызылорда облысынан оқу-жаттығу жиынына келген 12–17 жас аралығындағы 22 жасөспірім жеткізілді. Олардың 21-іне алдын ала белгісіз этиологиялы гастроэнтерит диагнозы қойылса, біреуі аяқ жарақатына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аурудың нақты себебін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынып, олардың нәтижелері күтіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру шараларын жүргізуде.

Аталған жағдай бойынша 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеу жүргізіліп, қорытынды материалдар негізінде құзырлы орган тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізді.

Балалар толық медициналық бақылауға алынып, барлық қажетті шаралар жүзеге асырылуда.

Айта кетерлігі, демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы орналасқан. Ауруханаға жүгінген балалардың жағдайы жеңіл, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қалған жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті, ешқандай ауру белгісі анықталған жоқ. Профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.

Қосымша ақпарат: қазіргі таңда емделуге жүгінген 22 баланың 21-і медициналық бақылаудан кейін үйлеріне қайтарылды. Бір жасөспірім аяғындағы жарақатына байланысты аудандық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *