ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТЫ ЛАҚТЫРҒАНДАР ҚОЛҒА ТҮСТІ
12 қаңтар күні кешкі 21:20да Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №59 мекемесінің жедел ақпаратына сәйкес және мекемедегі бейне-бақылау камерасының көмегімен мекеме аумағына тыйым салынған заттың лақтырылғаны тіркелді. Аталған іс-әрекет мекеме жанындағы Барбол көшесінде белгісіз екі азаматтың лақтырғаны белгілі болды. Бейне бақылау камерасындағы операторлардың хабарлауымен оқиға болған орынға мекеменің жедел және режим бөлімінің қызметкерлерінің жылдамдығының нәтижесінде екі азамат қолға түсті. Мекеменің ішкі аумағына түскен затты тексеру барысында 2 қара скочпен қапталған пакет анықталып, оларды ашу үшін және ұсталған азаматты табыстау үшін мекемеге Жамбыл облысы бойынша ПД 1-ПБ-нің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Пакетті ашу барысында өсімдік тәріздес қою жасыл түсті, спецификалық иісі бар зат табылды, тағайындалған сот химиялық сараптамасының қорытындысы бойынша 294,47грамм гашиш, 239,12грамм кептірілген марихуанна екені дәлелденді. Аталған факт бойынша ұсталған азаматтарға ҚР ҚК 297бабының 3тармағы бойынша іс қозғалды.