BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

2024 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКСПОРТ ПЕН САУДА КӨЛЕМІ 8,6%-ҒА ӨСТІ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында сауданы дамыту және елдің экспорттық әлеуетін күшейту бағытында жұмыстар жүргізуде,- деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі  ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Бұл ретте отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі шаралар қолға алынған. Бизнесті жүргізудің ашық қағидалары қалыптастырылып, ішкі сауданы дамытуға және отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым жасалуда.

2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында сауда көлемі 8,6%-ға өсіп, салаға тартылған инвестиция көлемі бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 37%-ға артып, 438 млрд теңгені құрады.

«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істеп, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. “Айтылды – жасалды” қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмалары белсенді түрде жүзеге асырылуда», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *