УӘДЕ ОРЫНДАЛУ КЕРЕК!
Соңғы кездері аймақтағы басқарма басшыларының біразы өңір басшысынан сөгіс алған еді. Әкімнің көп ескерткені бірлескен жұмыс. Яғни арада бірліктің жоқтығын баса айтқан. Содан бері біраз өзгеріс те байқалғандай. Ал бүгін бас ғимаратта бас қосқан басшыларға Жолдауда жүктелген тапсырмалар жайы тарқатылды. Міндеттер жүктелді.
Күздің алғашқы күні-ақ елдің жаңабағдары баядалған Жолдауда жер мәселесі қозғалған еді. Басшы бос меншіктеп отырғандардыңжер телімдерін ашық, әрі жедел бөлу керегін тапсырған. Иә, облыста да соңғы 3 жылда барлығы 7 мыңнан аса жер үлестірілген, бірақ…
–бөлінген жерлердің тек 500-де құрылыс жүруде. Сонда біз оны не үшін бердік? Біздің азаматтар оны бизнеске айналдыруда. Жасыратын не бар?!
Енді комиссия мүшелері жердің нақты қолданылып жатқанын тексереді. Егер бос жатса мемлекет меншігіне қайта қайтарылады. Ал аймақта жыл аяғына дейін тағыжер үлестірілмек.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңірде 8,3 млрд теңгеге 2 инфрақұрылымдық жоба іске асып, 3198 жер телімі таратылады. Бұл ретте қала және басқарма бірлесе жұмыс істенуі құажет. Жыл аяғына дейін осы 3 198 жер телімін таратып беруіміз керек.
Жиында көпті шулатқан жанармай жайы да айтылды. Облыста тапшылық болмауы тиіс. Енді әкім тапсырмасына сәйкес 15-не дейін бұл түйткіл шешілуі керек.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
–Су мәселесіне байланысты көп нәрсе айтылды. Биыл облысты судың тапшылығы болған жоқ. Бірақ келер жыл белгісіз. Сол себепті аудан әкімдері атсалысыңыздар жобаға. Шаруаларды бекер шулатпай, қазсушармен жұмыс істеңіздер!
Енді шаруаларға су жүйелі түрде берілуі тиіс. Болмаған жағдайда бұл жеке қаралады. Бұдан өзге де біраз жайт жауаптыларға тапсырылды. Енді кәсіпкерлерді бос сенделту болмас,-деген болжам бар. Себебі жолдауда Тоқаев «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты өзгертеміз!» дегенді хабарлаған-ды.